"Тарих АҚШ-ты кешірмейді"

Президент Ердоған Ұлыбритания премьер-министрімен кездесті.

"Тарих АҚШ-ты кешірмейді"

Президент Режеп Тайып Ердоған тарихтың АҚШ-ты кешірмейтінін,  Израильді еш кешірмейтінін айтты. 

Мемлекеттік сапармен Ұлыбританияда жүрген Ердоған премьер-министр Тереза Мэймен кездескеннен кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді. 

Ердоған осында Израильдің палестиналықтарға жасаған қырғынын тағы бір рет айыптады.  Ол осы оқиғаларға себеп болған АҚШ-тың "елшілікті Иерусалимге көшіру" шешімін еш қабылдамайтындарын қайталады. 

БҰҰ-ның дереу іске кірісіп,  осы зұлымдықты тоқтатуы керектігін білдірген президент Ердоған Газа шекарасында 60 палестиналық азамат шейіт болған қырғынды істегендерге АҚШ-тың батылдық бергенін атап көрсетіп: "АҚШ, тарих сені кешірмейді. Осы шындықты көреміз. Израиль, сені еш кешірмейді.  Мұны да көреміз" деді. 

Ердоған АҚШ-тың өңірдегі келіспеушіліктің шешілуінде араағайын емес,  тарап екенін мойындағанын айтты. "60 палестиналық азаматтың қаза табуына, 2 мың 500 адамның жаралануына себеп болған шабуылдар осы саясаттың нәтижесі. Осы қырғынға тағы бір рет лағінет айтамын. Израиль мықтымын,  менікі дұрыс деп қадам басуда.  Израиль - басқыншы,  терроризмді жалғастыруда" деді ол. 

Президент Ердоған: "Халықаралық қоғамды және БҰҰ-ны дереу іске кірісуге, Палестинадағы осы зұлымдықты доғаруға шақырамын" деді. 

Ердоған жұма күні Стамбулда болатын Ислам Ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс жиналысында әлемге мықты үндеу тасталатынын айтты.  Баспасөз мәслихатында терроризм тақырыбына да тоқталған Ердоған ПКК, Фетуллахшы террор ұйымы секілді террорлық ұйымдардың мүшелерінің қайтарылуы тақырыбында Ұлыбританиямен ынтымақтасқысы келетіндерін білдірді. 

Фетуллахшы террор ұйымы және ПКК террористтерінің тізімін Мэйге бергенін білдірген президент: "Бұлар қайтарылсын, терроризмге қарсы ортақ күрес жүргізейік" деді. 

Президент Ердоған Ұлыбритания премьер-министрі Мэйді Түркияға шақырды. 

Тереза Мэй де Израильден палестиналықтарға қарсы күш қолдануын тоқтатуын сұрап, Газадағы оқиғаларды бейтарап түрде тергеу керектігін айтты. 

Мэй 3,5 миллион сириялық босқынға құшақ жайып отырған Түркияға да жомарттығы үшін алғыс білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар