Помпеомен кездеседі

Мевлүт Чавушоғлу Майк Помпеомен 4 маусым күні кездеседі.

Помпеомен кездеседі

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен 4 маусым күні кездеседі.

Дипломатиялық дереккөздерден алынған мағлұматқа қарағанда,  Пампео мен Чавушоғлу Вашингтонда бас қосады.

Екі министрдің кездесуі бұдан бұрын мамыр айына жоспарланған болатын.  Алайда күнтізбедегі өзгерістер себебімен 4 маусымға ауыстырылды.

Екі министр кездесуде Сирия, екі жақты қатынастар,  террорлық ұйымдармен күрес тақырыптарын қолға алады.

Чавушоғлу Помпеомен 27 сәуір күні Брюссельде НАТО жиналысы барысында кездескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар