Президент Ердоған телефон дипломатиясын жүргізуде

Президент Режеп Тайып Ердоған Газа үшін телефон дипломатиясын жалғастыруда.

Президент Ердоған телефон дипломатиясын жүргізуде

Президент Режеп Тайып Ердоған Газа үшін телефон дипломатиясын жалғастыруда.

Ердоған Сауд Арабиясы королі Селман бин Абдулазиз әл Суудпен сөйлесті.

Президенттік аппараттың баспасөз қызметі телефон әңгімесінде Палестинадағы оқиғалардың қолға алынғанын білдірді.

Ердоған мен король Селман Ислам Ынтымақтастық ұйымының жұма күні Стамбулда өтетін кезектен тыс жиналысы жөнінде де пікір алмасты.

Президент Ердоған Катар әмірі Әл Сани, Индонезия мемлекет басшысы Видодо және Судан президенті Әл Беширмен де телефон арқылы сөйлесті.

Телефон әңгімелерінде Иерусалим дағдарысы мен ИЫҰ-ның кезектен тыс саммиті талқыланды.

Ердоған Кувейт әмірі Шейх Сабах әл Ахмет,  Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас,  Иордания королі ІІ Абдуллах және Малайзия премьер-министрі Махатхир Мохамадпен де сөйлесті.



Ұқсас жаңалықтар