Кандилге ауқымды операция үшін Иранмен келіссөздер жалғасуда

Министр Чавушоғлу Солтүстік Ирактағы Кандилге ауқымды бір операция үшін Иранмен келіссөз жүргізілгенін атап көрсетті.

Кандилге ауқымды операция үшін Иранмен келіссөздер жалғасуда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Солтүстік Ирактағы Кандилге ауқымды бір операция үшін Иранмен келіссөз жүргізілгенін атап, «Бұл іс алаңмен де байланысты. Осыған қоса дипломатия саласында да жасауға тиісті жұмыстар бар. Иранмен келіссөздер жүргізудеміз» деді.

Жекеменшік бір арнаға күн тәртібімен бағалаған Чавушоғлу Солтүстік Ирактағы Кандил аймағына ауқымды бір құрлық операциясы ықтималы жайлы сұраққа жауап қайтарды.

Чавушоғлу «Шекараларымыздың арғы жағындағы бұл қауіпті тазалауымыз керек. Иракта қай жерде болмасын бұл террористерді тазалаймыз. Әскерлеріміз, барлау ұйымы техникалық тұрғыдан не істеу керектігі тақырыбында жұмыстарын жалғастыруда. Осы іс жайлы әрі алаңда, әрі келіссөз үстелінде, дипломатиялық тұрғыдан жасауға тиісті нәрселері бар. Иранмен де келіссөздер жалғасуда. Олар үшін де PKK/PJAK қауіп болып табылады» деді.

АҚШ пен Түркия арасында келісім жасалған Манбидж жол картасымен байланысты сұрақтарға да жауап қайтарған Чавушоғлу YPG мүшелерінің Манбиджтен шығу кезеңі жайлы «YPG-нің шығуы деген сөз қаруларын тастау деген сөз. АҚШ қару жарақ таратты, мұны жасырмайды. Қазір ‘бермеймін’ дейді. Осы жерлерді тұрақтандыруымыз үшін бұл қаруларды қайта жинау керек. Бірге жұмыстанып не істелетінін көреміз. Қаруларды кім берсе сол жинайды. Жол картасының мақсаты АҚШ-тың уәдесін орындауы. АҚШ президенті Трамп президентімізге қаруларды жинау тақырыбында да сериалдарының анықталғанын және қаруларды қайтарып алатындарын білдірді» деді.



Ұқсас жаңалықтар