Шетенлдегі түріктер 19 маусым күніне дейін дауыс қолданады

24 маусым күнгі президенттік және 27-ші кезең депутаттық сайлау үшін шетелдегі өкілеттіктер мен кеден қақпаларындағы дауыс беру жұмыстары жалғасуда.

yurtdisi oy kullanma.jpg

Шетелде өмір сүрген түрік азаматты сайлаушылардың 24 маусым күнгі президенттік және депутаттық сайлау үшін дауыс беру кезеңі жалғасуда.

Грузияда шетел сайлау тізіміне тіркелген түрік азаматтары Түркияның Тбилиси өкілетті елшілігі мен Батуми бас консулдығында жергілікті уақытпен 09:00-де дауыс бере бастады.

Түркияның Грузиядағы өкілетті және төтенше елшілігінде құрылған сандықта алғашқы дауысты берген өкілетті елші Фатма Джерен Язган Түркия мен Грузия арасындағы шекара қақпаларында сандықтар құрылғанын және сайлаушылардың Сарп шекара қақпасында 24 сағат бойынша дауыс бере алатынын атап көрсетті.

Язган Түркияның Тбилисидегі өкілетті елшілігі мен Батуми бас консулдығында жергілікті уақытпен 21:00-ге дейін дауыс беру жұмыстарының жалғасатынын атап көрсетті.

Өзбекстанда өмір сүрген түрік азаматтары да Түркияның Ташкенттегі Өкілетті елшілігінде дауыс қолданды. Сайлаушылар 09:00-21:00 уақыттары арасында дауыс бере алады.

Әзірбайжанда болса сайлаушылар Түркияның Баку Өкілетті елшілігі мен Нахчыван мен Гендже бас консулдықтарында құрылған сандықтарда Түркия уақытымен сағат 08:00-де дауыс қолдана бастады.

5 мың 209 тіркеулі сайлаушысы бар Әзірбайжанда дауыс беру жұмыстары Түркия уақытымен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Шетелдік өкілеттіктерде және кеден қақпаларында 7 маусым күні басталған дауыс беру жұмыстары шетелде 19 маусым күніне, кеден қақпаларында болса 24 маусым күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар