Түрік әскери тікұшақтары НАТО саммитінде әуе шоуы жасайды

НАТО саммиті Брюссельде 11 шілде күні (ертең) одақтас 20 әскери тікұшақтың әуе шоуымен басталады.

Түрік әскери тікұшақтары НАТО саммитінде әуе шоуы жасайды

Бельгияның бас қаласы Брюссельде 11-12 шілде күні ұйымдастырылатын НАТО саммиті одақтас 20 әскери тікұшағының әуе шоуы бағдарламасымен басталады.

Одақтың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдау үшін Брюссельде НАТО-ға мүше 29 ел басшысының басын біріктіретін саммитке орай 13 бөлек одақтастың әскери тікұшақтары ертең (11.07.2018) әуе шоуы жасайды.

Түркиядан екі T129 Атак тікұшағы қатысатын әуе шоуына НАТО одақтастары АҚШ, Бельгия, Франция, Германия, Дания, Венгрия, Италия, Польша, Румыния, Словения және Чехиядан барлығы 20 тікұшақ қатысады.

Тікұшақтар қоныстанған Бельгияның Валон аймағындағы «Beauvechain» әскери базасынан НАТО штаб пәтеріне келіп, әуе шоуын өткізеді.

Бельгия үкіметі қонақжайлық жасаған маңызды саммит үшін 2 мың 400 полиция қызметкері мен 1000 әскер тағайындалады.

Қауіпсіздік шаралары аясында басшылар жиналатын НАТО штаб пәтері айналасында болса кейбір жолдар қатынасқа жабылады.

Саммитті Брюссельде және әлемнің әртүрлі аймақтарынан келген мың 600-ден астам журналисттің қадағалауы күтіледі.

Журналисттер саммит үшін арнайы салынған 850 жұмыс алаңы бар «Баспасөз орталығында» жиналады.



Ұқсас жаңалықтар