Ердоғанның әлем басшылармен байланысы жалғасуда

Ердоғанның НАТО саммитінің екінші күніндегі бағдарламасы тығыз.

Ердоғанның әлем басшылармен байланысы жалғасуда

Президент Режеп Тайып Ердоған Бельгияның Брюссельдегі НАТО саммитінің екінші күнінде әлем басшыларымен кездесулер өткізді.

Президент Ердоған Брюссельде алдымен НАТО Мемлекет және үкімет басшылары саммитінің үшінші отырысына қатысты және артынан Италия премьер-министрі Гиусеппе Контені қабылдады.

Ердоған кейін Ауғанстан тақырыпты отырысқа қатысты.

Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев және Босния-Герцеговина мемлекеттік кеңес төрағасы Бакир Иззетбеговичмен де бас қосты.

Президент Ердоған Франция президенті Эммануэль Макрон, Украина президенті Петр Порошенко және Болгария президенті Радевпен бас қосады.

Кездесулерін түстен кейін Ауғанстан елбасы Эшреф Гани Ахмадзай және Грекия премьер-министрі Ципраспен бас қосады.

Ердоған НАТО саммитінің аяқталуымен кешкі уақытта елге оралады.



Ұқсас жаңалықтар