Министр Чавушоғлу АҚШ-тық әріптесі Помпеомен әңгімелесті

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

Министр Чавушоғлу АҚШ-тық әріптесі Помпеомен әңгімелесті

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хеатер  Науерт Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу  және АҚШ-тық әріптесі Майк Помпеоның телефонда әңгімелесуінің маңызды бір көрсеткіш екеніне назар аударды.

Науерт Измирде Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ/PDY) мен бөлшектеуші террор ұйымы PKK атынан қылмыс жасағаны және тыңшылық жасағаны қауесетімен үйінде қамаулы болған АҚШ дін қызметкері Андреу Краиг Брунсонмен байланысты мәлімдеме жасады.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помпео арасындағы әңгімеге назар аударған Науерт «Телефон әңгімесінің өзі маңызды бір жаңалық. Әңгімелесу зиян келтірмейді, біз осы себепті келіссөздердің маңыздылығына сенеміз» деді.

Науерт түрік және АҚШ-тық делегациялар арасында Вашингтонда жасалуы күтілген келіссөздер жайлы мағлұмат беруден бас тартты.

2016 жылы 9 желтоқсан күні Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ мен PKK атынан қылмыс жасағаны алға тартылғаны үшін тұтқындалған АҚШ-тық дін қызметкері Брунсон жайлы айыптау актінде дін адамы көрінісімен қылмыс жасағаны және жалпы стратегия аясында бірге қозғалғандары, ұйымның мақсаттарын біле отырып, өз қалауымен ынтымақтастық жасағаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар