Ердоған Африка елдеріне үн қатты

Президент Түркия-Африка Экономика және бизнес форумына қатысты.

Ердоған Африка елдеріне үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Африка елдерін ұлттық валютамен жұмыс істеуге шақырды.

Ердоған Стамбулда Түркия-Африка Экономика және бизнес форумына қатысты.

Осындағы сөзінде Түркия ретінде Африка құрлығымен ынтымақтастыққа көп көңіл бөлгендерін атап көрсеткен Ердоған: «10-15 жыл бұрын тек белгілі аймақтарда, белгілі жерлерде көрінетін Түркия бүгінгі таңда әлемнің ең танымал алтыншы дипломатиялық желісіне ие ел жағдайына келді» деді.

Президент Түркия-Африка серіктестік саммиттерінің үшіншісін 2019 жылы Стамбулда ұйымдастыруды жоспарлағандарын айтты.

«Өкілетті елшіліктермен қатар Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы,  Юнус Эмре Институты,  Маариф фонды,  Анадолы агенттігі,  Түрік Әуе жолдары секілді мекемелерімізбен құрлықтағы ісімізді тереңдете түстік» деді ол.

Африканың барлық елдеріне үн қатқан Ердоған: «Енді африкалық барша достарыма үн қатамын: ұлттық ақша бірлігімен жұмыс істейік» деді.



Ұқсас жаңалықтар