Чавушоғлұ Бағдатқа барды

Мәвлүт Чавушоғлұ  ресми сапармен Ирактың астанасы Бағдатқа барды.

çavuşoğlu 2.jpg

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ  ресми сапармен Ирактың астанасы Бағдатқа барды.

Чавушоғлын Халықаралық Бағдат әуежайында Ирак Сыртқы істер министрі өкілі Назим Юсуф қарсы алды.

Қарсы алуда Түркияның Бағдаттағы өкілетті және төтенше елшісі Фатих Йылдыз да орын алды.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ одан кейін үкіметті құруға жауапты Әділ Абдулмехдимен кездесті.

Чавушоғлұ мен Абдулмехдинің кездесуі баспасөзге жабық өтті.

Ирак сапары аясында Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Ұлттық хикмет ағымы лидері Аммар әл-Хекмиммен бас қосты.

Чавушоғлұның Ирак Президенті Берхем Салих, премьер-министрі Хайдар Әл-Абади, Мәжіліс төрағасы Мұхаммед әл-Халбуси және Түрікмен азаматтық ұйымының өкілдерімен кездесуі күтілуде.

.

 

 



Ұқсас жаңалықтар