Ердоған және Трамп телефонмен әңгімелесті

Екі басшы күн тәртібіндегі маңызды тақырыптарда көзқарас алмасты.

Ердоған және Трамп телефонмен әңгімелесті

Президенттік аппараттың баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында басшылар екі жақты қарым-қатынастарды қолға алып, террормен күрес, сауд журналист Джемал Кашыкчы мәселесі және Сириядағы соңғы жаңалықтар жайлы көзқарас алмасты.

Түркияда қысқа уақыт қамауға алынған соң еркін жіберілген американдық дін қызметкері Андреу Брунсонның заңдық кезеңіне де тоқталған екі басшы Түркия мен АҚШ арасында ынтымақтастықты әр салада қалпына келтіру және жетілдіруге ниет білдірді. Әңгіме барысында Фетуллахшы террор ұйымы «FETÖ»-ге қоса террормен күресте ынтымақтастық тақырыбы да қолға алынды.

Екі басшы елдерінің маусым айында Манбидж тақырыбында белгілеген жол картасының тез арада іске қосылуы және 17 қыркүйек күні Түркия мен Ресей арасында жасалған Идлиб келісімінің маңызына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар