Стамбул әуежайынан Бакуге алғашқы рейс ұшты

Жаңа Стамбул әуежайынан Әзірбайжанның бас қаласы Бакуге сұраныстың көптігінен алғашқы рейс 121 жолаушымен ұшты.

Стамбул әуежайынан Бакуге алғашқы рейс ұшты

Стамбул әуежайынан Әзірбайжанның бас қаласы Бакуге алғашқы рейс ұшты.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен кейбір мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен 29-шы қазан күні ашылған Стамбул әуежайынан шетелге екінші сапар жүзеге асты. Бакуге жергілікті уақытпен сағат 09.30-да Гайдар Алиев атындағы халықаралық әуежайына «Boeing – 737» типі ұшақ ұшты.

Сұраныстың көптігінен алғашқы рейс 121 жолаушымен ұшты.

Түрік әуе жолдары Анкара, Измир, Анталия және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының артынан Стамбул әуежайынан бесінші ұшу бағыты ретінде Бакуге 31 желтоқсан күніне дейін күн сайын бір рейстен жалпы аптасына 7 рет рейс ұйымдастырылады.

Жаңа қосылған ұшу бағдарламаларымен Түрік әуе жолдарының Стамбул мен Баку қалалары арасындағы бағытқа ұшу саны Ататүрік әуежайынан 28, Стамбул әуежайынан 7, Сабиха Гөкчен әуежайынан 3 барлығы 38-ге ұласты.

Әзірбайжанның бас қаласы Баку сондай-ақ Түрік әуе жолдарының түркітілдес елдер арасында алғашқы ұшу бағыты болу ерекшелігіне ие.

1991 жылы басталған және 27 жылдан бері үздіксіз жалғасқан рейстер Түркия мен Әзірбайжан арасындағы Ұлттық және рухани байланысты күшейтетін бір көпір іспеттес.



Ұқсас жаңалықтар