Түркиядан Қытайға шақыру

Түркия Қытайға шақыру тастады.

Түркиядан Қытайға шақыру

ТР Сыртқы істер министрлігі баспасөз мәлімдемешісі Хами Аксой ұйғыр түріктеріне бағытталған ауыр адам құқықтары бұзушылықтары жөнінде жазбаша мәлімдеме жариялады. 

Мәлімдемеде " Шыңжаң ұйғыр автономды аймағындағы ұйғырлардың және басқа да мұсылман қоғамдардың негізгі адам құқықтарын бұзатын істер әсіресе соңғы екі жылда артты және халықаралық қоғамның күн тәртібіне келді" деп айтылды. 

Заңсыз тұтқындауларға ұшыраған бір миллионнан астам ұйғырдың арнайы лагерьлерде және түрмелерде жәбір-жапа көргені, саналарына әсер етілгені енді құпия  еместігі атап көрсетілді. Лагерьге шақырылмаған ұйғырлар болса қысым астында ұсталуда. 

Хабарламада: "Шетелде (Қытай тысында) өмір сүретін ұйғыр текті қандастар мен азаматтарымыз осы аймақтағы туыстарынан хабар ала алмай отыр. Мыңдаған бала ана-анасынан айрылып, жетім қалды. 21-ғасырда арнайы лагерьлердің қайтадан қалыптастырылуы және Қытай органдарының ұйғырларға бағытталған жүйелі ассимиляция саясаты - адам баласының ұяты. Шыңжаң аймағындағы трагедияға байланысты көзқарасымызды Қытай органдарына барлық каналдар арқылы жеткіздік" деп айтылды. 

Хабарламада айырықша: "Осындай атмосферада бір туындысы үшін 8 жылға сотталған беделді халық ақыны Абдуррехим Хейіттің түрмедегі екінші жылында қайтыс болғаны жөніндегі хабарды естідік. Осы қайғылы хабар түрік қоғамының Шыңжаң аймағындағы ауыр адам құқықтары бұзушылықтары тақырыбындағы наразылықтарын арттыра түсті. Осы орынды наразылықтың Қытай органдары тарапынан назарға алынуын күтеміз. Халықаралық қоғамды және БҰҰ Бас хатшысын да Шыңжаң ұйғыр аймағындағы адами трагедияның доғарылуы үшін ықпалды қадам басуға шақырамыз" деген сөздерге орын берілді.



Ұқсас жаңалықтар