Президент Ердоған стамбулдықтарға үн қатты

Президент Ердоған Стамбул Ататүрік Мәдениет орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

erdogan akm temel atma1.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбул Ататүрік Мәдениет орталығының бір жеңіс ескерткіші болатынын атап көрсетті.

Таксим алаңында Ататүрік Мәдениет Орталығының іргетасын қалау рәсімінде үн қатқан Ердоған бүгін Түркияның өнер мен мәдениет тіршілігінде жаңалық ашатын маңызды бір қадам басқандарын атап көрсетті.

Ердоған Мәдениет орталығының 95 мың 600 текше метр жабық алаңға ие 5 бөлек блоктан тұратынын атап «Стамбул Ататүрік Мәдениет Орталығын 2 жылдай қысқа мерзімде аяқтап, өнерпаздарымыз бен өнер сүйер қауымның қызметіне ұсынамыз» деді.

Президент Ердоған Стамбул Ататүрік Мәдениет орталығының Ұлттың құндылықтарымен, нанымымен, азаматтарымыздың тарихи және мәдениетімен дау-дамайлы, күштеп қабылдатушы санаға қарсы отырғызған бір жеңіс ескерткіші болатынын атап көрсетті.

Ердоған «Іргетасын қалайтынымыз ғимарат тек қана бір мәдениет орталығы емес. Осы ғимарат сондай-ақ соңғы 56 жылдың ұлттық санасына шабуылдаған, отан, ұлт дұшпандарына қайтарылған ең мықты жауап болмақ» деді.



Ұқсас жаңалықтар